Accessibility links

Сербияның Еуроодаққа мүше болуы - әскери қылмыскерлерді түгел ұстап беруіне тікелей байланысты


ЛЮКСЕМБУРГ. Кеше Еуропа одағы Сербия-Черногорияны өз құрамына қабылдау мәселесі бойынша екі жақты келіссөзді бастауға келісімін берді. Еуроодақтың сыртқы істер министрлері осы шешімінде келіссөзді бастау рәсіміне қатысу үшін 10-ыншы қазан күні Еуроодақтың арнаулы өкілі Олли Реннің Белградқа сапарға баратынын атап көрсетті. Сербияның премьер-министрі Воислав Коштуница Еуроодақтың бұл шешімін “өте маңызды” деп бағалап, Белград өз міндеттерін орындауға дайын деп мәлімдеді. Бірақ Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Сербияның Еуроодаққа қабылдануы оның қашып жүрген әскери қылмыскерлерді түгел ұстап беруіне тікелей байланысты болатынын ескертті.
XS
SM
MD
LG