Accessibility links

Брюссель Өзбекстанға экономикалық жаза қолдану туралы декларация қабылдады


ЛЮКСЕМБУРГ. Еуроодақ елдерінің Люксембургте жиналған сыртқы істер министрлері Өзбекстанға қарсы жаза қолдану туралы декларацияны мақұлдады. Құжатта Өзбекстан Әндіжанда мамыр айында болған халық қырғынын тәуелсіз халықаралық тергеуге алуға келісім бермегені үшін ащы сынға алынып, оған қару-жарақ сатуға тыйым салу қарастырылған. Ресми Ташкенттің мәліметі бойынша, Әндіжан қырғыны кезінде 187 адам қаза болған, адам құқын қорғаушылардың ақпарына сәйкес, үкімет армиясы бейбіт халыққа оқ жаудырып, кем дегенде 700 адам, оның ішінде әйелдер мен балалар құрбан болды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG