Accessibility links

Хорватия Еуроодақтың барлық шартын орындап, келіссөзді басталуға рұқсат алды


ЛЮКСЕМБУРГ. Еуроодақтың сыртқы істер министрлері кеше күн батқанда қабылдаған шешімінде әскери қылмыстар бойынша Халықаралық трибуналмен толыққанды ынтымақтастық орнатқан Хорватиямен оны Еуроодаққа қабылдау мәселесі бойынша келіссөзді бастауға келісімін берді. Хорватиямен арадағы бұл келіссөз наурыз айында басталуға тиіс болатын. Бірақ оның Гаага трибуналымен жақын қатынас орнатпауы себепті келіссөз кейінге ысырылды. Әйтсе де кеше Халықаралық трибуналдың Бас прокуроры Карла дель Понте ханым Хорватия трибуналмен толыққанды қатынас орнатты деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG