Accessibility links

Хорватия елінің жетекшілері ЕуроОдаққа қосылу жөніндегі келіссөздерді бастауға мүмкіндік алғандары үшін ризашылығын білдіруде


Бірақ Хорваттық ресмилер алда талай жауапты жұмыстың барлығын да назардан шығармақ емес.

«Ия, бұл - жақсы жаңалық. Бірақ біздің қуаныштан басымыз айланып қалуы керек емес. Бұл жауапты жұмыстың бастамасы ғана. Ендігі міндет – ол жұмысты табыспен аяқтау. Біз халқымызды баянды болашақ өмір жөнінде сендіре алуымыз қажет», - дейді Хорватия президенті Стипе Месиц мемлекеттік радиодан сөйлеген сөзінде.

Хорватия бас министрі Иво Санадер де елдің денсаулық, ауыл шаруашылығы және өзге де салаларда қиын реформалар алдында тұрғандығын мойындайды. Төрт жарым млн Хорватиялық үшін ЕуроОдаққа қосылу игілік, дей келе, бас министр, БҰҰ трибуналына соғыс қылмыскерлерінің бірі - бұрынғы генерал Анте Готовинаны тұтқындап халықаралық сотқа тапсырылуын негізгі міндеттің бірі деп есептейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG