Accessibility links

Еуропа одағы комиссиясының президенті Хосе Бароссо: Одақ Түркиямен мүшелік жөніндегі келіссөздерді ресми түрде бастайды


Бароссоның айтуынша, Түркия ЕуроОдаққа заңды түрде мүше болып қабылдануы үшін оған сенімсіздікпен қарайтын еуропалықтардың жүрегіне жол табуы керек екен. Барооссоның бұл мәлімдемесіне дейін 30 сағатқа жалғасқан дайындық келіссөздері барысында ЕуроОдақ елдері сыртқы істер министрлері тарапынан Түркияға талай сын, ескертпелер айтылды. Ал Австрия Түркияға жартылай мүшелік беру жағында болды. Дегенмен, Одақты кеңейту жөніндегі коммиссионер Алли Реен келіссөздердің нәтижелі болғандығына өзінің риза екендігін білдірді.

- Біз Түркиямен қарым-қатынастың жаңа дәуіріне аяқ басып отырмыз. Ол үшін көптеген айлар бойы дауластық. Міне енді, ол қиын келіссөздер нәтижесінде Түркия мен Еуропаның жарқын болшағы үшін келіссөздердің жаңа кезегін бастау алдында тұрмыз, - деді комиссионер Реен.

Түркияның ЕуроОдаққа қабылдануы бойынша келіссөздердің алдағы кездегі кемінде 10 жылға жалғасатын кезеңі келіп отыр. Ол үшін Түркия ЕуроОдақ заңдары мен талаптарының бәріне жауап бере алуы қажет болады. ЕуроОдақта қазіргі кезде 25 мүше бар.
XS
SM
MD
LG