Accessibility links

Түркия Еуроодаққа мүше бола алады ма?


ЛЮКСЕМБУРГ. Түркияның Еуроодаққа мүше болуына қатысты келіссөздің басталғанын Еуроодақ басшылары оң қабылдады, бірақ одақтың кейбір мүшелері бұл мәселеге күдікпен қарайтындарын айтты. Келіссөздің басталғанына байланысты Еуроодақ комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Бароссо былай деді: “Түркиямен келіссөзді бастауға келісім болған. Келіссөздің басталуы Еуроодақ пен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың дамуын білдіреді. Бұл оң даму деп ойлаймын. Енді оның жүзеге асуына қарай жұмыс істейік. Түркияның демократиялық әрі осы заманға сай болуы Еуропа мен Түркияның мүддесі үшін керек деп ойлаймын,” деді Бароссо.
XS
SM
MD
LG