Accessibility links

Бүгін Лондонда Ресей президенті В.Путин Британия премьер-министрі Т.Блэрмен кездеседі


ПРАГА. Сейсенбі күні Лондонда Ресей президенті Владимир Путин мен Еуроодақ басшыларының кезекті басқосуы өтті. Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэр Еуроодақтың экономикасы мен қауіпсіздігі үшін одақтың Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болуы маңызды деді. Еуроодақ комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Бароссоның айтуынша, басқосу барысында “стратегиялық серіктес елдер” Ресейдің мұнайы мен газын Еуропаға экспорттау және терроризм мен заңсыз есірткі саудасы, сонымен қатар Иран мен Таяу Шығыс мәселелерін талқылады. Президент Путин “Ресей Еуроодақтың сенімді серіктесі” деді. Бүгін ол Тони Блэрмен жеке кездеседі.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG