Accessibility links

Пәкістанда “Талибан” қозғалысының өкілі тұтқындалды


ИСЛАМАБАД. Пәкістанның қауіпсіздік күштері Ауғанстандағы “Талибан” қозғалысының өкілі Абдул Латиф Хакимиді қамауға алды. “Азаттық” радиосының Ауған қызметіне берген сұхбатында Пәкістан ішкі істер министрі Афтаб Шир Пао Хакимидің тұтқындалғанын растады, бірақ ол басқа егжей-тегжейлі мәлімет берген жоқ. “Талибан қозғалысының басты өкілі Абдул Латиф Хакими қамауға алынды, қазірше мен бұл туралы басқа ақпарат бере алмаймын,” деді министр. Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың әкімшілігі бұл хабарды жылы қабылдап, Хакимиді қамауға алғанына байланысты Пәкістанға алғысын айтты. Алайда Пәкістан өкілдері Хакимиді Ауғанстанға тапсыру туралы әлі шешім шығармады.
XS
SM
MD
LG