Accessibility links

Украина президенті жаңа үкіметтің экономикалық дағдарысты ауыздықтай алатынына сенеді


КИЕВ. Отандық тележурналистерге берген сұхбатында Украина президенті В.Ющенко премьер-министр Ю.Ехануров бастаған жаңа үкіметтің жыл соңына дейін елді экономикалық дағдарыстан алып шыға алатынына сенім білдірді. Украина экономикасының даму қарқыны қазір ең төменгі деңгейіне дейін құлдырады. Сонымен бірге В.Ющенко “қызғылт-сары төңкерісіндегі” өзінің бұрынғы жақын үзеңгілесі Ю.Тимошенкомен арадағы одақты қайта жаңғыртудың мүмкіндігі шектеулі болғанын атап көрсетті. Үкімет басынан түсірілгеннен бері Ю.Тимошенко наурыз айындағы парламент сайлауына “әзірлену мақсатында оппозицияға кетті. Украинадағы конституциялық өзгерістер қаңтар айында күшіне енуге тиіс.
XS
SM
MD
LG