Accessibility links

Ж.Талабани: “Сирия, Түркия және Иран - Ирақта тәуелсіз күрд мемлекетін құруға жол бермейді”


ПРАГА. Ирақ президенті Жалал Талабанидің айтуынша, қазіргі Ирақта тәуелсіз Күрд мемлекетін құруға ешқандай негіз жоқ. “Азаттық” Радиосының Прагадағы кеңсесінде журналистердің сауалдарына жауап бере келіп, Талабани өз алдына ұлт болуы үшін тәуелсіз мемлекет құру шарт емес, күрдтер ондай құқын федерация шеңберінде жүзеге асыра алады деп атап көрсетті. Ирақтың 15-інші қазанда өтетін референдумға шығарылатын жаңа конституциясы жобасында Ирақ – федерация ретінде көрсетілген. Бірақ сыншылар бұл Ата заң Ирақтың ыдырауына негіз болады деп санайды. Тегі күрд Талабани – Сирия, Түркия және Иран сынды көрші елдер Ирақта тәуелсіз күрд мемлекетінің құрылуына жол бермеуге тырысады деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG