Accessibility links

Иран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Еуроодақпен келіссөзге оралуға дайын


МӘСКЕУ. Бүгін Мәскеуде атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры Мұхаммад Әл-Баради Иранның ядролық бағдарламасы бойынша осы ел мен Еуроодақ арасындағы келіссөздің 1 ай ішінде қайта басталуына үміт артатынын мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Ресей өткен айда еш нәтижесіз аяқталған келіссөзді қайта жалғастырудың амалдарын қарастыру үстінде. Еуропа Одағы “Иран мәселесін” оған жаза қолдану үшін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне берілуі мүмкін деп отыр. Осы сейсенбі күні Иран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзге оралуға дайын екенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG