Accessibility links

НАТО одағы Ауғанстандағы қауіпсіздік күштерін нығайтуды жоспарлап отыр


КАБУЛ. Ауғанстандағы НАТО күштерінің қатарын ұлғайту мәселесін ауған үкіметімен талқылау үшін НАТО делегациясы Кабулда жүр. НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер бастаған одаққа мүше 26 елдің дипломатары Ауғанстанға табан тіреді. Бүгін НАТО миссиясы өз әскерлерінің халімен танысу мақсатында Ауғанстанның батысы мен солтүстігіне сапар шекті. НАТО – Ауғанстанның оңтүстігіндегі қауіпсіздік күштерін кеңейтпекші. Бейсенбі күні Ауғанстан президенті Х.Қарзаймен келіссөз өткізуден бұрын әскери одақтың делегациясы осы елдегі БҰҰ-ының, Еуроодақтың және АҚШ әскерінің өкілдерімен кездесуге тиіс.
XS
SM
MD
LG