Accessibility links

Ресей мен Ұлыбритания екі елдің қауіпсіздік агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр


ЛОНДОН. Сәрсенбі күні Лондонда Ресей президенті Владимир Путин Британия премьер-министрі Тони Блэрмен кездесіп, терроризммен күрес мәселесін талқылады. Осыған орай, Ресей мен Британия екі елдің қауіпсіздік агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. “Қазіргі замандағы төніп тұрған ғаламдық қауіп-қатерлерді, олардың ішінде терроризм мәселесін біз екеуіміз де түсінеміз. Бұл келіссөздің нәтижесі Ресейді қанағаттандырып отыр. Келіссөздің барысында талқыланған терроризммен күрес және басқа да мәселелерге қатысты Британияның ашық болуына ризашылығымызды білдіреміз,” деді В.Путин.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG