Accessibility links

АҚШ қорғаныс департаментінің бұрынғы талдаушысы Израиль дипломаты мен Израильді қолдайтын лоббистік топқа құпия ақпараттарды бергенін мойындады


АЛЕКСАНДРИЯ. Сәрсенбі күні АҚШ-тың Александрия қаласындағы сотта АҚШ қорғаныс министрлігінің Таяу Шығыс мәселелері бойынша бұрынғы маманы Лоуренс Франклин оған тағылған айыптарды мойындап, мәлімдеме жасады. Франклин 25-жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Маусым айында Франклинге Вашингтондағы Израиль елшілігінің өкіліне және Қоғамдық байланыстар мәселелері бойынша Американ- Израильдік комитеттің екі қызметкеріне қорғаныс саласындағы құпия ақпараттарды берген деген айыптар тағылған болатын. Израиль мен аталған топ ешқандай заңсыз әрекеттер жасамадық дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG