Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан өзінің арнайы өкілі Кай Эйденің дерек-мәліметтеріне сүйене отырып, Косовоның келешек статусына қатысты келіссөздің басталуын ұсынуы мүмкін


НЬЮ-ЙОРК. Бұл туралы К.Аннан БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде айтты. Косово 1999 жылдан бері БҰҰ-ның бақылауында екендігі белгілі, ол ресми түрде Сербия-Черногорияның құрамында. Косоводағы албандар тәуелсіз болуды қалайды, бірақ сербтер бұл провинция Сербия-Черногорияның бөлігі болып қалуы керек дегенді айтады. Қазанның 24 күні Кофи Аннан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне Кай Эйденің баяндамасы туралы мәлімет береді деп жоспарланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG