Accessibility links

Ирақтың Хилла қаласында жанкешті жарған бомбадан кемінде 25 адам қаза тауып, 100-ге жуық кісі жараланды


БАҒДАД. Ресмилердің айтуынша, бұл жарылыс мешіттің жанында орын алған. Ол мешітте қасиетті Рамазан айының бірінші күнінде намазға жиналған шиитер болған. Бұдан бірнеше күн бұрын да Хилла қаласында бомба жарылып, 10 адам құрбан болған-ды. Басқа да хабарларға қарағанда, АҚШ президенті Джордж Буш Ирақ әскерлерінің елдің батысында АҚШ жетекшілік ететін әскери операцияларына қатысуын, сонымен қатар, Ирақтағы саяси дамуды мадақтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG