Accessibility links

НАТО-ның бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Ауғанстанның оңтүстігінде одақ әскерлерін көбейтуге әзір екендігін білдірді


Кабул. Қазір бұл елде НАТО басқаруындағы халықаралық қауіпсіздік күштерінің 10 мыңдай жасағы орналасқан. Оған қосымша тағы 5 мыңдай әскер жіберу жоспарланып отыр. Алайда европалық әріптестердің кейбірі Талибан мен Әл-қаида қалдықтарына қарсы күрес жүргізіп жатқан әскерлер Кабулдағы қауіпсіздікке жауап беретін және Ауғанстанның солтүстігі мен батысындағы күштерден бөлек, тәуелсіз қимылдауы керек деп есептейді. Бірақ бүгін Кабулда баспасөз-мәслихатында сөйлеген сөзінде НАТО-ның бас хатшысы екі контингент арасында тығыз байланыс болғаны қажет деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG