Accessibility links

Бүгін Ирақ астанасының шығыс жағында әскери колонна жанында бомба жарылысы болды


Бағдад. Ирақ ресмилерінің айтуынша, жарылыс салдарынан 10 адам қаза тауып, сегіз кісі жарақаттанған. Мұның алдында Ирақтың Хилла қаласында Рамазан айының алғашқы кешінде шииттер намазға жиналған жерде болған жарылыс 25 адамды мерт еткен еді. Басқа да хабарларға қарағанда, Ирақ конституциясы бойынша қазан айының ортасына белгіленген референдумға сунниттердің көпшілігі қатысады деген үміт ұлғайғандай, дегенмен суннит жетекшілері әлі де бойкот жасау жағында болуы мүмкін деген де ескертулер айтылуда. Шииттер басымдық болатын Ирақ парламенті даулы деген баптарға бірқатар түзетулер енгізген болатын.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG