Accessibility links

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин және Орталық Азия елдерінің төрт президенті Санкт-Петербургтегі 2-күндік басқосуын қортындылайды


САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Бұл басқосудың мақсаты аталған елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту. 1999 жылы құрылған Орталық Азия Ынтымақтастығы ұйымының бес мүшесі бейсенбі күні бұл топты Еуразия Экономикалық Қоғамдастығымен біріктіруге келісті. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, аталған екі топтың экономикалық мақсаттары ұқсас болғандықтан Назарбаевтың өзі, Путин, Өзбекстан президенті Ислам Каримов, Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов бұл ұйымдарды біріктіру туралы шешім шығарған. Еуразия Экономикалық Қоғамдастығы 2000 жылы құрылған. Оған мүше елдер: Ресей, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан. Ал Армения, Молдова және Украина елдері бақылаушы мәртебесіне ие.
XS
SM
MD
LG