Accessibility links

Ирақта бүлікшілердің шабуылдарынан кемінде 28 адам қаза тапты


БАҒДАД. Елдің астанасы Бағдадта жанкешті жарған бомбадан кемінде 11 адам құрбан болды. Бағдадтың басқа да аймақтарында орын алған шабуылдардан кемінде 9 кісі мерт болды, олардың көбі АҚШ пен Ирақ әскерлері. Ал Киркук қаласында мұнай министрлігінің бес күзетшісі оққа ұшты. Бейсенбі күні Лондонда Ирақ президенті Жалал Талабани Британия премьер-министрі Тони Блэрмен кездескен болатын. Талабанидің айтуынша, бүлікшілермен соғысу үшін Британия мен АҚШ күштерінің Ирақта одан әрі қала беруі өте маңызды. Ал Тони Блэр Ирақ үкіметінің өтініші бойынша ағылшын әскерлері Ирақта қалады деді.
XS
SM
MD
LG