Accessibility links

Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттікке үміткер ретінде тіркеді


Тәуелсіз бақылаушылардың Республикалық жүйесінің басшылығы Қазақстандағы алдағы президент сайлауын 7-ші қазаннан бастап бақылайтындықтарын жариялады. Дәл осы жұма күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттікке үміткер ретінде тіркеген қарсаңда «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың жергілікті штабтарының өкілдері өздеріне қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Тәуелсіз бақылаушылардың Республикалық жүйесінің басшылығы өздерінің 16 өкілдері сайлау алды кезеңде ұзақ мерзімді бақылауға кірісетіндіктерін айтып отыр. Және де өздерінің бірінші кезекте сайлау комиссияларының барлық деңгейдегі сайлау науқандарының дайындығы мен өткізілуінің барлық кезеңдеріндегі жұмысына, жергілікті атқару органдарының әрекеттеріне сондай-ақ кандидаттардың сайлау алдындағы белсенділігіне басымдық беріп, басты назарда ұстайтындықтарын айтады. Тәуелсіз бақылаушылардың Республикалық жүйесінің жаңа президенті Тасқын Рахымбекова өз бақылауларымен қамтылатын аймаққа Қазақстанның 10 облысы мен қатар Алматы және Астана қалаларының кіретіндігін айтады. Ал бұрынғы бақылаулармен салыстырғанда ол өздерінің істерінде біршама айырмашылықтар да бар екенін алға тартты.

Сондай-ақ Тәуелсіз бақылаушылардың Республикалық жүйесінің басшылығындағы өзгерістерге орай аталған жүйенің бұрынғы президенті Дос Көшім бұл жайтты өзінің алдағы саяси жұмыстарымен байланысты екендігімен түсіндіретіндігін білдірді.

Сөйтіп тәуелсіз бақылаушылардың Республикалық жүйесінің басшылығы алдағы елдегі президент сайлауын бақылауға кіріскендерін жариялаған тұста ҚР Орталық сайлау комиссиясы алғашқы үміткерді президенттікке кандидат ретінде ресми тіркеуден өткізгендіктері жөнінде қаулы қабылдағандықтарын мәлімдеді. Бұл турасында Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі Григорий Кулеш «Азаттық» радиосына жұма күні президенттікке үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевты тіркеу жөнінде Орталық сайлау комиссиясы қаулы қабылдағандығын жеткізді.

Алайда, Тәуелсіз бақылаушылардың Республикалық жүйесінің басшылығы да және ҚР Орталық сайлау комиссиясы да сайлау алды науқаны барысында әзірше ешқандай айтарлықтай құқық бұзушылық деректері тіркелмеді дегенмен президенттікке үміткер «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың жергілікті штабтарының өкілдері өздеріне қысым көрсетіліп жатқанын айтуда.

Айталық, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы президенттікке үміткер Жармахан Тұяқбайдың жергілікті штабының жетекшісі Амангелді Керімтаев бірқатар құқық бұзушылықтарды байқап отырғандықтарын жеткізді. Және де Амангелді Керімтаев бұл жайттарға орай өздерінің құқық қорғау органдарына шағымданатындықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG