Accessibility links

Ирақтың Басра қаласында Британия әскерлері рейд өткізді


Басра. Бүгін Ирақтың батысында бүлікшілерге қарсы екі шабуыл жасалды. «Темір жұдырық» деп аталатын операция Сирия шекарасына жақын жердегі Анбар провинциясында жеті күннен бері жалғасып, оған бір мыңға тарта жасақ қатыстырылуда. АҚШ әскерилері күдіктелген 20 бүлікші сәрсенбі күні бомба шабуылында өлтірілді деп айтты. Әскерилер екінші операция Ефрат өзені жазығында жүргізіліп, оған екі жарым мыңдай әскер мен 350 қауіпсіздік күштері қатыстырылуда дейді. Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласында Британия әскерлері операциялар өткізіп, жасақтарға қарсы шабуылдарға қатысты деп күдіктелген 12 адамды ұстаған.
XS
SM
MD
LG