Accessibility links

Әлемдік қауымдастық Бейбітшілік Нобель сыйлығының Халықаралық атом энергиясы агенттігі мен оның бас директоры Мохаммед әл-Барадейге берілуін құптап қарсы алды


БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан бұл хабарға қатты қуанғанын айтып, әл-Барадей өзінің мол тәжірибесімен өмірлік маңызды іс атқаруда деп атап көрсеткен. Парижде Франция президенті Жак Ширак та жылы лебізін білдіріп, қиын кезеңде бейбітшілік үшін жақсы шешімдер жасалды деді. Британия премьер-министрі Тони Блэр де осындай құттықтауларға қосылатындығын білдірді:

- Мен Жак Ширактың әл-Барадей мырза мен ол басқаратын агенттіктің Нобель сыйлығына ие болуына байланысты жолдаған құттықтауына шын жүректен қосыламын. Бұл агенттік атқарып жатқан істердің өте жоғары бағаланғандығы деп ойлаймын.

Германия канцлері Герхрад Шредер де мұндай шешімнің өте маңыздылығын атап көрсетті. Халықаралық атом агенттігінің бұрынғы басшысы Ханс Бликс те биылғы жылғы Бейбітшілік сыйлығының берілуі агенттіктің жаппай қырып-жою қаруына қарсы күрестегі ролінің айрықша екендігін көрсетеді деп айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG