Accessibility links

АҚШ тәжік оппозициясының жетекшісі Махмудрозы Искандаровтың абақтыға жабылуына байланысты алаңдаушылық білдірді


Сәрсенбі күні Тәжікстан Жоғарғы соты демократиялық партияның жетекшісі М.Искандаровты лаңкестікте және ақша жымқыруда айыптап, 23 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Ал АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілік өкілі Ларсон елшілік Искандаровтың жағдайына алаңдаулы екендігін айтты.

- Біз қойылған айыпқа баға бере алмасақ та бұл сот мәселесіне алаңдаулымыз, - деген елшілік өкілі.

Демократиялық партия жетекшісінің орынбасары Валиев ол сот ісінің саяси астары бар дей келе, Тәжікстанға келе жатқан АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райстан бұл мәселені күн тәртібінде талқылауды сұрап отыр.
XS
SM
MD
LG