Accessibility links

Қазақстан мен АҚШ-тың коммерциялық емес ұйымы бірлесе отырып, ядролық отын қалдықтарын жоюға бағытталған жобаны жүзеге асыруды бастады


Өскемен. Жоба бойынша батыс Қазақстанда Совет кезеңінде салынған ядролық реакторда алынған байытылған уранды бомба жасау үшін қолдана алмайтындай етіп, терең қазып, көміп тастау көзделген. Жобаға бастамашыл болған және қаржыландырушы NTI ұйымы жетекшілерінің айтуынша, ядролық отын өткен жылы Маңғышылақтағы ядролық зауыттан Өскеменнің Үлбі металл зауытына тасымалданған. Биылғы жылдың соңына қарай ол көміледі. Ұйым жетекшілері Сэм Нанн мен Тед Тернер аталған жобаны бүгін Өскеменде Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың алдында жария етті. Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Мохаммед әл-Барадей Қазақстан басшылығы мен NTI ұйымын маңызды жобаны бастауларымен құттықтап, бұл қадамның өзі басқа елдерге үлгі болар деген үмітін білдірді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG