Accessibility links

Ресми мәліметке қарағанда, сенбі күнгі күшті зілзаладан Оңтүстік Азияда кемінде 1800-дей адам қаза тапқан


Пәкістандық құтқарушы топтан майор Рана Нисардың айтуынша, Кашмир уалаятының Пәкістан жағында мыңнан астам адам мерт болған. Ал, Пәкістанның Солтүстік Батыс уалаятының полиция бөлімі басшысы Рифат Пашаның айтуынша, бұл аймақта кемінде 550 адам қаза тапқан. Үндістан Ақпарат министрінің хабарлауынша, Кашмирдің бұл аймақ бетінде дерлік 300-дей адам мерт болған. Жер сілкінісінің күші Рихтер өлшемімен – 7,6 баллға жеткен. Зілзала кіндігі – Исламабаттан 100 шақырымдай жерде. Зілзала сонау Ауғанстанға дейін жеткен, Жалалабадта кемінде 2 адам қаза тапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG