Accessibility links

Еуропа елдері “құс тұмауының” Румыния мен Түркиядан шығуына алаңдайды


ЛОНДОН. Еуропа елдері “құс тұмауының” Түркия мен Румыниядан аңғарылуына алаңдап отыр. Англия “құс тұмауының” шыққан-шықпағанын тексеру үшін Румынияға өз сарапшыларын жіберді. Германия Түркия мен Румынияны осы дертке қатысты бар деректі Еуроодақ пен халықаралық сарапшыларға беруге шақырды. Кеше Түркия үкіметі “құс тұмауынан” 2 мың күрке тауық қырылған елдің батысындағы 3 құс фермасын жапты. Анадолы агенттігінің хабарлауынша, жергілікті билік барлық үй құсы мен иесіз итті түгел жоймақшы. “Құс тұмауының” вирусы Румынияға да жетті. Бүгін Болгария осы дерттің алдын-алу шараларын күшейтуге кіріскенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG