Accessibility links

Ирақ үкіметінің өкілі Лаис Куббаның хабарлауынша, елдің батысында АҚШ күштері 90 бүлікшіні өлтірген


БАҒДАД. Қыркүйектің 28-де Әл-Қаидаға қарсы басталған операцияларда 178 бүлікші тұтқындалды, деді Лаис Кубба. Басқа да хабарларға қарағанда, жексенбі күні Бағдадта орын алған жарылыстан 2 адам қаза тауып, 4 кісі жараланды. Ал Рамади қаласында жарылған бомбадан, бір АҚШ сарбазы құрбан болды. Елдің Ата Заң жобасына қатысты референдум қазанның 15-не белгіленген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG