Accessibility links

Пәкістанда құтқарушылар зілзаладан тірі қалғандарды іздестіруде


ИСЛАМАБАД. Ресми деректерге қарағанда, Пәкістанда Рихтер бағаны бойынша 7,6 баллға жеткен сенбі күнгі зілзаладан қаза болғандардың саны 20 мыңнан асты. Қазір құтқарушылар құлаған үйлердің астын аршып, аман қалғандарды іздестіруде. Пәкістан ішкі істер министрі Афтаб Ахмед Хан Шерпаоның мәлімдеуінше, Пәкістанда жер сілкінісі салдарынан кемінде 19400 адам құрбан болып, 42 мыңдай кісі жараланған. БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Жапония, Еуропалық Одақ, Ресей, Түркия, Қытай және АҚШ зілзаладан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіп жатыр. “Бұл елдің тарихында болып отырған ең жаман табиғи апат. Мыңдаған адам қаза тапты, мыңдаған кісі жараланды. Америка Құрама Штаттары жәрдем бергісі келеді,” деді АҚШ президенті Джордж Буш. Апат кіндігі Исламабадтан 95 шақырым жерде тіркелген. Үндістанда ол зілзаладан кемінде 689 адам, ал Ауғанстанда бір адам қаза тапты деп хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG