Accessibility links

М.Ливитт (АҚШ): “...құс тұмауының” бұрқ етіп шығуына әлем толық дайын болмады”


БАНГКОК: АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі Майкл Ливитт (Michael Leavitt) “құс тұмауының” бұрқ етіп шығуына әлем толық дайын болмады деп мәлімдеді. Бұл пікірін М.Ливитт Тайландта білдірді. Ол “H5N1” деген атауымен белгілі “құс тұмауы” жайылған Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде сапарда жүр. Осы аймақтың елдерінде аталған дерттен 60-қа тарта адам көз жұмды. Алайда осы дерттің вирусын құстар басқа аймақ пен елдерге де таратты. Ағылшын мамандары бүгін “құс тұмауының” ізі аңғарылған Румынияда жүр. Түркияның батысында 2 мыңдай күрке тауық қырылған 3 құс фермасы жабылып, қатаң карантин орнатылды.
XS
SM
MD
LG