Accessibility links

Польшада президент сайлауының екінші туры 23-інші қазанда өтеді


ВАРШАВА: Польшадағы президент сайлауында 2 саяси лидердің ара-қашықтығы 2.5 процентке дейін қысқарды: либералдық “Азаматтық платформа” партиясының лидері Дональд Туск 36 процетке жуық, ал оның бақталасы, Варшава қаласының әкімі әрі “Құқық және әділдік” партиясының лидері Лех Качиньский – 33 проценттей дауыс жинады. Кеше кешкісін Варшавада Дональд Туск: “Мен жалпы дауыс бергендерге ризалығымды білдіргім келеді. Бүгін Польшадағы саясаткерлерге дауыс берудің қиын екенін мен жақсы білемін. Бұл онша оңай шаруа емес”, деп қолдаушыларына ықылас білдірді. Осы екі партия да таяудағы парламент сайлауында билік басындағы солшыл күштерге жеңіліп қалды. Польшаның қазіргі президенті А.Квасьневский мемлекет басында 5 жылдан екі рет қатар отырды.
XS
SM
MD
LG