Accessibility links

Жексенбі күні Алматы маңында жер сілкінісі орын алды


Сейсмология институты мамандарының хабарлауынша жексенбі күні кешкісін жергілікті уақыт бойынша сағат алтылар кезінде Алматыдан 37 шақырымдай қашықтықтағы Іле Алатауының шығыс бөлігіндегі Талғар шыңы маңында күші 3-3,5 баллдық жер сілікінісі болған.

Алматы тұрғындары бұл жер сілікіністі кәдімігідей сезінген. Алматы тұрғыны, журналист Ермұрат Бапи жексенбі күні кешкісін Алматыда болған осы жер сілкінісін өз үйінде отырған кезінде кәдімгідей сезінгенін айтады. Соңғы кезде Алматы қаласының жоғарғы бөлігінде құрылыс компаниялары бір бірімен жарыса көп қабатты биік үйлерді салып жатыр егерде Алматы қаласының сейсмикалық тұрғыдан белсенді аймаққа жататынын ескерер болсақ онда Пәкістанда орын алған секілді жойқын жер сілкінісі бола қалса онда қаладағы осы биік үйлердің сау тамтығы да қалмас, Ондай жамандықтың бетін ары қылсын дейді журналист Ермұрат Бапи.

Алайда Қазақстанның Білім және Ғылым министрлігінің Сесмология институтының директоры Ерғали Нүсіпов болса 7-7,5 баллдан жоғары жойқын жер сілкіністері Қазақстанда болмайды дегенді шегелеп тұрып айтып отыр. Осы институт мамандары биыл, 2005 жылы 5-5,5 баллдан жоғары жер сілікіністері Қазақстанда болмайды деген болжам айтқан болатын, сол жорамал орындалады деп сендіріп отыр. Ал күші кішігірім 2- 3 баллдық жер сілікіністері Алматы маңында үнемі болып тұрады, оған бола алаңдаудың ешбір реті жоқ дейді Е.Нүсіпов.

Сондай ақ Қазақстанның оңтүстік аймағында болған бұл жолғы жер сілікінісінің осыдан 3-4 күн бұрын Пәкістанда орын алған күшті де жойқын жер сілікінісімен арада қандай бір байланысы жоқ дейді инситиут директоры. Оның айтуынша әр аймақтың өзінше сейсмикалық қасиеті бар соған сай жер сілкінеді, сондықтан бұлардың арасында қандай бір байланыс жоқ.

Пәкістанда орын алған жер сілікінісінің күші 7,5 баллдан асқан. Соның салдарынан 30 мыңнан астам құрбан болып, 2,5 мыңнан астам адам үйсіз, баспанасыз жағдайда қалған. Әлем елдері мен халықаралық ұйымдар өз қолдарынан келген көмек жәрдемдерін Пәкістанның солтүстігіндегі Кашмир аймағына көрсетіп жатыр. Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі Майра Дайрабайқызының айтуынша Қазақстан кешікпей Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетпекші. Алайда журналист Е.Бапи Қазақстан Пәкістанға көмек көрсетуде тым кеш қалып отыр деген пікір айтты.
XS
SM
MD
LG