Accessibility links

Пәкістанда зілзаладан аман қалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда


ПӘКІСТАН. Құтқарушылар Пәкістанның астанасы Исламабадта зілзаладан қираған үйлердің астын аршып, бір Ирақтық әйел мен оның 2-жасар баласын құтқарды. Рихтер бағаны бойынша 7,6 баллға жеткен сенбі күнгі жер сілкінісінен Пәкістанның өзінде қаза болғандардың саны 20 мыңнан асты. Ал көршілес Үндістанда 2 мыңға жуық адам қаза тапқан болуы мүмкін. Тағы 10 мыңдай адамның тағдыры туралы әлі хабар жоқ. Қазір АҚШ, Еуроодақ, Түркия, Ресей, Қытай және басқа елдердің мамандары құтқару жұмыстарын атқарып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG