Accessibility links

Кашмир құрбандарына сырттан көмек беру мүмкін болмай тұр


Кашмирде болған жерсілкінісінің құрбандарына сырттан көмек беру ауа-райының салдарынан мүмкін болмай тұр. Қатты жауын мен дауыл Кашмирдің Пәкістан жағындағы аймағына ұшақтар мен тікұшақтарды қондырмай тұр. Мұзафарабад қаласында аман қалған адамдарға көмек жеткізу қиынға соғып тұр, жолдар жабылып қалған, қаладағы жағдай аласапыранға ұқсайды деп сипатталды. БҰҰ өкілдері миллиондаған адамға дәрі-дәрмек, азық-түлік, баспана қажет дейді. Жексенбі күні болған жерсілкінісінен Пәкістанда 21 мың адам, Үндістанда 1300 адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG