Accessibility links

Кондолиза Райс ортаазиялық сапарын бастады


АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Бишкекке келіп, ортаазиялық сапарын бастады. Ертең ол Қазақстанға барып, президент Н.Назарбаевпен кездеспек. Кондолиза Райс Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев және бас министр Феликс Құловпен кездеседі деп күтіліп отыр. Конституция кеңесінің мүшелерімен кездкескенде Кондолиза Райс жыл соңына таман реформаны соңына жеткізіп, ашық жұмыс тәртібі жағдайында жаңа конституцияны қабылдауға шақырды. Кондолиза Райс елде коррупцияға қарсы жүріп жатқан күреске мақтау айтты, Қырғызстанның экономикалық реформаларына атсалысуға ниетіміз бар деді.
XS
SM
MD
LG