Accessibility links

Баспасөз шолуы. 10.11.2005 жыл

  • Нәйла СҰЛТАН

Қазақстанда сейсенбі күні жарық көрген баспасөз беттерінде «Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін халықаралық ынтымақтастығын нығайту» тақырыбында өткен халықаралық симпозиумына кеңінен тоқталған. Сондай-ақ ОБСЕ өкілдерінің Қазақстанға сапары жайлы мақалалар жарияланған.

«Айқын» газеті президент Н.Назарбаевтың Өскеменге барған сапары мен «ядролық қауіпті азайту жөніндегі бастама» қорының төрағалары Тэд Тернер мен Сэм Наннмен біріге отырып, 2900 кг ядролық отынның «Қазатомөнеркәсібімен» бірлескен жобаға сәйкес толығымен жойылғанын жазды. Мақала авторының айтуынша сақталып келген ядролық материалдан 20 ядролық бомба жасауға болатындығын мамандар жасырып қалмаған. Сондай-ақ уран отынын толық аластату мен жою туралы жоба 2001 жылы басталып та кеткен. Ал бұл туралы жобаны АҚШ-тың Энергетика министрлігі мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік үйлестірген. «Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан елдердің бірі болды. Қауіпсіздік сақтап қалу мақсатында бомба жасауға жарамды материалдарды жою ісін жалғастыру, бұл өте маңызды іс» деген Н.Назарбаевтың сөзін келтіре отырып, АҚШ Президенті Джордж Буштың осы симпозиумға арнайы жолдаған хатын да атап көрсетіпті. «Жаппай қырып-жоятын қарумен күресте Қазақстан көшбастаушыға айналып отыр» деген басылым Джордж Буштың хатымен мақаланы аяқтаған.

«Егемен Қазақстан» газеті 8 қазан күні Өскемен қаласында өткен «Қазақстан: бейбітшілік пен қауіпті үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту» деген тақырыптағы халықаралық симпозиумға кеңінен тоқталған мақала авторы, «жарты ғасыр ішінде 450-ден астам атом және термоядорлық сынақтар жасалғанын, сол кездері жер үстінде орналасқан құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ұшыратын 148 шахталы қондырғы шоғырланғанын оқырман құлағына қағыс етті. Ал олардың салмағы 7,6 тоннаны, ал зақымдау радиусы 12 мыңдай шақырымды құрайды» деп жазды Егемен Қазақстан газеті.

«Экспресс К» газетінде бейбітшілікте өмір сүргенге не жетсін деген автор мақаласында, Кеңес Одағы құлағаннан кейін Еуропаның бірде-бір елінде болмаған үлкен көлемді ядролық қару Қазақстанның аумағында қалғаны жазылды. Бірақ Қазақстан осыншама байлықтың бәрін жоюға шешім қабылдады делінген. Қазақстан президенті бұл жолы да ядролық қаруларды таратпау туралы шартқа қайтып оралу қажеттігіне байланысты әңгіме қозғады» деп жазды Экспресс К газеті.

Ал «Литер» газеті Англиядағы консерваторлар өкілдерінің бірі, қауымдастар палатасының депутаты, палатаның қазынашылық комитетінің арнайы мүшесі Дэвид Раффлимен болған сұхбатын жариялаған. Аталмыш сұхбатта Дэвид Раффли бірден Қазақстан мемлекетінің экономикалық кеңістікте, үлкен минералды ресурстарға ие екендігін тілге тиек ете отырып, батыс мемлекеттері мен саясаткерлерінің Қазақстанға деген қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді деген болатын. «Ал Англияда жүргенде естіген Қазақстан мен өзіңіз көз жеткізген Қазақстанның арасында қандай айырмашылық бар» деген журналист сауалына, «үлкен айырмашылық бар, батыс: Қазақстанның билік иелері халыққа демократия мен сөз бостандығын қамтамасыз ете ме, сайлау әділ түрде өте ме» деген сауалдарға жауап іздеп отыр. Жуырда президент сайлауы болады, сол кезде Қазақстан мемлекетіне сырттан сарапшылар, бақылаушылар келіп өз сауалдарын қояды. Сонда Қазақстан мүдірместен жауап берсе екен деп тілеймін деген Дэвид, «Қазақстанның болашағына сенемін» деп әңгімесін аяқтапты.
XS
SM
MD
LG