Accessibility links

Пәкістандағы зілзала құрбандарының саны 33 мыңға жетті, бірақ үкімет 23 мыңын растап отыр


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның зілзаладан жапа шеккен елді-мекендеріне бағытталған көмек - жолдардың бұзылуы мен ұшақтардың, әсіресе тікұшақтардың жетіспеуі салдарынан тым баяу жетіп жатыр. Оған қоса Пәкістанның солтүстігіне құйған нөсер жаңбыр ұшақ қатынасын және ол аймаққа Пәкістан премьер-министрінің сапарын қиындатты. Пәкістандық журналист М.Зияуддин “Азаттыққа” берген сұхбатында Пәкістанға қарайтын Кашмирдің астанасы – Музафарабадтағы ахуалды: “Бұл жердің әлі астан-кестені шығып жатыр. Бүкіл қалада өліктер шашылып жатыр. Пәкістандық Кашмирдің премьер-министрі өзін “мен қазір зираттың премьер-министрі болдым” деп атады”, деп сипаттады. Пәкістан үкіметі зілзала құрбандарының қатары 23 мыңға жеткенін мәлімдесе, Үндістанда 1.300-ге жуық халық қырылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG