Accessibility links

Ирақта тағы 50-дей адам лаңкестіктің құрбаны болып, 70-ке жуығы жараланды


БАҒДАД: Кеше Ирақта террористік қастандық пен қарулы шабуылдардың салдарынан 50-ге жуық адам құрбан болып, ондаған кісі жараланды. Ең көп адам қазасы Ирақтың батысындағы Таль-Афар қаласында болды. Халық көп баратын жергілікті базардың жанында бомба орнатылған автокөлік жарылып, 30 адам қырылып, 40-ы жараланды. Бағдад қаласында 2 автобомба көкке ұшып, жол бойында 3 жарылыс, 5 рет атыс болып, 1 рет минаатқыштан атқыланды. Кемінде 15 кісі көз жұмып, 30-ға тарта адам жараланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG