Accessibility links

Қырғыз лидерлерінің уәдесін алған К.Райс бүгін Ауғанстан президентімен келіссөзге отырады


КАБУЛ: Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Кабулда өткен айдағы парламент сайлауынан кейінгі ахуал жөнінде Ауғанстан президенті Х.Қарзаймен келіссөз өткізуге тиіс. К.Райс ханым Орта Азияға сапары аясында кеше Қырғызстанға аялдап, қырғыз лидерлерімен арада көрші Ауғанстандағы терроризмге қарсы соғыс үшін Манас әуе базасын АҚШ күштерінің одан әрі пайдалана беруі туралы келісімге келді. Осы келіссөзінен кейін К.Райс: “Қырғызстан - Ресеймен немесе АҚШ-пен, не болмаса Қытаймен жақсы қарым-қатынас орнатуды таңдап әуре болуға тиіс емес. АҚШ Ресеймен де, Қытаймен де жақсы қатынаста. Қырғызстан өзінің барлық көршісімен мейлінше жылы қатынаста болуға тиісті”, деп атап көрсетті. Ол, сондай-ақ, Қырғыз үкіметін демократияны кеңейтуге шақырды.
XS
SM
MD
LG