Accessibility links

Қайырымдылық көмекті Еуропадан Пәкістанға әуемен тасымалдап жеткізуді НАТО өз міндетіне алды


МУЗАФАРАБАД: Пәкістанның солтүстігі мен Кашмирдегі жер сілкінісінен аман қалған мыңдаған тұрғынға дер кезінде көмек жеткізуге ауа райының бұзылуы мен жолдың алыстығы бөгет болуда. Пәкістан үкіметі зілзаладан 23 мың халықтың қырылғанын және 50 мыңнан астам адамның жарақат алғанын растады. Үндістанда 1.200-ден астам халық құрбан болды. Зілзаладан әсіресе ауыр жапа көрген пәкістандық Кашмирге жолдардағы түрлі бөгет, тікұшақтардың жетіспеуі және нөсер жаңбыр кедергі болып жатыр. НАТО одағы қайырымдылық көмекті Еуропадан Пәкістанға әуемен тасымалдап жеткізуді өз міндетіне алып, бірінші ұшақ бүгін шығуға тиіс. АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери тікұшақтары Пәкістанға азық-түлік, дәрі-дәрмек, ас су және көрпе-төсек алып ұшты.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG