Accessibility links

Ирақ конституциясының референдумда мақұлдану мүмкіндігі біршама арта түсті


БАҒДАД: Ирақтың мемлекеттік телеарнасынан сөйлеген сөзінде және “Рейтер” ақпарат агенттігіне берген сұхбатында шийт мұсылмандарының көрнекті өкілі, аятолла Әли Ас-Систани Ирақ халқын сенбі күні өтетін референдумда конституция жобасын қолдап дауыс беруге шақырды. Сүннит лидерлерімен арадағы уәжге сәйкес, оның алдында - кеше ғана Ирақ парламенті Ата заң жобасына “Ирақтың біртұтастығына конституция кепіл болып табылады” деген бапты енгізді. Күрдтер мен шйит және сүннит лидерлері мұндай уәжге өзара жабық келіссөз нәтижесінде келіп, тараптар желтоқсан айындағы жаңа сайлаудан кейін парламент конституция бірқатар өзгеріс енгізу мәселесін қарайтын болады. Алайда сүннит лидерлерінің көпшлігі жаңа Ата заңды қабылдауға әлі де қарсы. Осы күні Ирақтың Таль-Афар қаласында жанкешті-лаңкес өзін-өзі жарып, кемінде 30 адам қаза тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG