Accessibility links

К.Райс Астанаға келген күні онымен кездесуге жолға шыққан оппозиция лидері Т.Тоқтасынова тұтқындалды


АСТАНА: Кеше Астанаға табан тіреген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс бүгін Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен кездесуге тиіс. К.Райстың сапары қарсаңында кеше Қазақстанның құқық сақшылары оппозицияның көрнекті өкілі, “Әділетті Қазақстан үшін” қоғамдық бірлестігінен президент сайлауына ұсынылған үміткер Ж.Тұяқбайдың қоғамдық штабының басшысы Т.Тоқтасыновты тұтқынға алды. Ол К.Райспен кездесу үшін Астанаға ұшпақ болып Алматы әуе жайына жүрейін деп тұрған кезінде тұтқындалған. “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысының төралқа мүшесі Ә.Қосановтың айтуынша, тұтқындау шарасының қарсаңында қоғамдық қозғалыс кеңсесінде электр жарығы мен телефон байланысы күтпеген жерден сөніп қалды. Орта Азия елдеріне сапары барысында К.Райс ханым президент Н.Назарбаевты 4-інші желтоқсанға белгіленген кезекті президент сайлауын әділ де ашық өткізуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG