Accessibility links

1915 жылы қырылған 1.5 млн. армянның ұрпақтары сақтандыру компаниясынан 17 млн. доллар өтемақы алатын болады


ЛОС-АНЖЕЛЕС: 1915-інші жылы Осман империясының қырғынында қаза болған армяндардың ұрпақтары 17 млн. доллар өтемақыға Францияның АХА сақтандыру компаниясын сотқа берген шағымын қайтарып алуға келісті. Бұл жанжал келесі айда Калифорнияның әлгі шағым берілген сотында әлі мақұлдануға тиіс. Бұл топтық шағымда армяндар Францияның сақтандыру компаниясы оның сақтандыру полистерін 1915-інші жылғы қырғынға дейін сатып алған Осман империясының үстемдігіндегі армяндарға өтемақы төлеуден жалтарды деп айыпталды. 1915 жылы 1.5 млн.-ға тарта армян қырылған болатын. Енді келісімге сәйкес, АХА компаниясы армяндардың қайырымдылық қорларына 3 млн., қаза болған полис иелерінің ұрпақтарына 11 млн. долар төлеуге келісті.
XS
SM
MD
LG