Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы К. Райс бүгін бейсенбіде Қазақстан астанасы Астана қаласында президент Н. Назарбаевпен кездесті


Өзара келіссөздерден кейін К.Райс Қазақстандағы демократиялық үрдістерді одан әрмен дамыту қажет деді.

- Біз кездесу кезінде елбасымен Қазақстандағы демократизацияның жағдайы жөнінде кеңінен талқыладық. Қазіргі кезде Қазақстанның аймақтық үдерісі кезінде жетекшілік рөлде болуына мүмкіндігі бар, - деді АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райс.

Райс ханым, АҚШ - Қазақстан экономикалық қарым-қатынасында жаңа реформалар қажет, дей келе сайлаулар еркін және әділ өтіп оппозицияның БАҚ-тарымен шығу мүмкіндігі тең деңгейде болуы тиіс, деді. АҚШ мемлекеттік хатшысының пікірінше, алдағы президенттік сайлауда халықаралық бақылаушылардың рөлі жоғары болуы керек. К. Райс лаңкестік пен күрестегі ынтымақтастығы үшін және Ирақтағы әскерлері үшін Қазақстан әкімшілігіне өз ризашылығын білдірді. К. Райс өзінің Орта Азиялық сапарын Тәжікстанмен жалғастырмақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG