Accessibility links

Көркем әдебиет бойынша Нобель сыйлығын 75 жастағы ағылшын драматургы алды


ЛОНДОН: Көркем әдебиет бойынша 2005-інші жылғы Нобель сыйлығы белгілі ағылшын драматургы Гарольд Пинтердің үлесіне тиді. Жазушыны оның өз елінде және өзге елдерде қазіргі заманның маңдайалды драматургтерінің бірі санайды. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана Гарольд Пинтер 75-ке толды. Оның қаламы астынан 30-ға тарта пьеса жарық көріп, олардың желісі бойынша талай көркем фильм түсірілді. Драматург-жазушының Нобель сыйлығына ие болғанын Швецияның патшалық академиясы кеше жариялады. Нобель сыйлығы барлық лауреатқа 10-ыншы желтоқсан күні тапсырылуға тиіс.
XS
SM
MD
LG