Accessibility links

Референдумның қарсаңында Ирақта теңдессіз қауіпсіздік шаралары қабылданды


ВАШИНГТОН: Ирақ конституциясы бойынша сенбі күні өтетін референдумда сайлаушылардың қауіпсіздігін АҚШ пен Ирақ әскерлері қамтамасыз етеді. Бейнебайланыс арқылы Ирақтың Тикрит қаласындағы әскери базада көрсетілген баспасөз-маслихатында АҚШ президенті Джордж Буш осылай деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ конституция жобасын дайындаған Ирақ үкіметінің жұмысына өз ықыласын білдірді: “Сүннитер мен шийттердің және күрдтердің көңілінен шыққан конституцияны әзірлеген Ирақ үкіметінің жұмысына мен аса риза болдым. Енді Ирақ халқы тағы да дауыс береді, бұл жолы конституция үшін дауыс бермекші”.

Ирақта теңдессіз қауіпсіздік шаралары қабылданды: комендант тәртібі орнатылып, 4 күндік мереке жарияланды, жұмадан бастап мемлекеттік және әкімшілік шекара жабылады. Соған қарамастан көтерілісшілердің жекелеген шабуылдары жалғасуда. Кеше Бағдад іргесінде 1 АҚШ жауынгері қаза болды.
XS
SM
MD
LG