Accessibility links

К.Райс (АҚШ) Мәскеуді Теһранға қысым көрсетуге үгіттеп көрмекші


МӘСКЕУ: Ресей лидерлерімен кездесу үшін Мәскеуге сапары алдында бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К. Райс Парижде Франция президенті Жак Ширакпен Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын талдауға тиіс. К. Райс Парижге Қырғызстан, Ауғанстан, Пәкістан, Қазақстан және Тәжікстанға сапарынан кейін кеше түнде келіп тоқтады. Ж. Ширакпен келіссөзінде К. Райс ханым конституция бойынша референдум өтетін Ирақтағы ахуал мен Таяу Шығыс проблемаларын да сөз етпекші. К. Райс Мәскеуде Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын Ресей лидерлерімен талқылауға тиіс. Кремль “Иран мәселесін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беру жөніндегі АҚШ-тың бастамасын Кремль қолдамай келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG