Accessibility links

Алматыда БАҚ мәселесіне қатысты Орта Азиялық конференция басталды


Қазанның 13-і күні Алматыда `Бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернеттегі пікір сан алуандығы` тақырыбы бойынша осымен жетінші реткі ортаазиялық конференция өз жұмысын бастады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ұйымдастыруымен өтіліп жатқан бұл халықаралық конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген БАҚ өкілдері мен журналистер сондай ақ халықаралық сарапшылар бар барлығы 150 дей адам қатысып отыр.

Басты мәселе Орталық Азия елдеріндегі бүгінгі БАҚ-тың жағдайы мен болашағы, БАҚ-қа қатысты осы елдердегі заңнамалардың қаншалықты халықаралық стандарт пен талаптарға сай келетіндігі де конференцияда сөйлесіліп талқыға түспекші.

Конференцияны ашып сөз сөйлеген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – ОБСЕ-нің Алматыдағы орталығының төрағасы, елші Ивар Викки Орталық Азиядағы кейбір елдерде ақпарат еркіндігін қамтамасыз ету мәселесінде нақты бір қадамдар жасалғанымен басты қиындықтардың әлі шешусіз қалып отырғандығын атай келе ең бастысы осы аймақтағы мемлекеттер БАҚ саласындағы заңнамаларының халықаралық стандарт - ОБСЕ нормасына қаншалықты сай келетіндігін қайта қарағандары жөн, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін арттыру, жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлгендері дұрыс дегенді айтты.

Елші Ивар Виккидің айтуынша ОБСЕ нің Алматыдағы орталығы бірнеше жылдан бері Қазақстандағы журналистиканы дамытуға қол ұшын беріп келеді әсіресе жас журналистерді дайындау оларды оқыту мәселесіне ерекше назар аударып отыр.

ОБСЕ-нің баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Миклош Харасти әлемде және Орталық Азия елдеріндегі БАҚ-тың жағдайын жақсарту және журналистиканы қалай дамыту мәселесіне қатысты туындап отырған кейбір проблемаларға тоқталды. Оның айтуынша ең басты проблемалардың бірі - осы Орталық Азия елдеріндегі телеарналардың қазіргі жағдайы, яғни оның иесі кім екендігіне қатысты мәселе болмақ. Бүгінгі күні мемлекет меншігіндегі телеарналарды қоғамдық телеарнаға айналдыру жолында көптеген қиындықтар туып отыр. Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рахат Әлиевтің айтуынша сөз бостандығы мен БАҚ-тың тәуелсіз болуы өз бетімен кетушілік немесе жауапкершіліктен бас тарту емес, журналист адам әрқашан ақпараттың шындығы мен тепе-теңдігі үшін жауапты екендігін өзі жақсы сезінуі тиісті болмақ. Оның айтуынша бүгінгі күні Қазақстанда үкімет пен оған қарсы оппозицияға өз пікірін ашық айтуға жағдай жасалып отыр.

Алайда конференцияда сөз алған халықаралық сөз бостандығын қорғау жөніндегі ‘ Әділ сөз‘ қорының президенті Тамара Калееваның айтуынша осы аймақтағы үкіметтер БАҚ-ын жаңа заманға сай, демократиялық рөлге ие болғанын әлі күнге дейін мойындағылары келмейді керісінше оны бұрынғы өзінің алып кел, барып келге жұмсайтын қолбаласы кейпінде көргісі келеді. Осыдан болып көптеген проблемалар туындап отыр деді Т.Калеева.
XS
SM
MD
LG