Accessibility links

Ресей президенті Путин бүгін түске таман АҚШ мемлекеттік хатшысы К. Райспен келіссөздер жүргізді


К. Райс АҚШ пен Ресей байланысы өзара сенімді серіктестікке негізделген, деді.

Президент Путин К. Райстың Орта Азия сапарын өте сәтті өтті деді. Путиннің айтуынша, екі елдің лаңкестікпен күресте, Ауғанстан мәселесінде өзара ортақ мүддесі бар.

Одан сәл алдын әріптесі Лавровпен кездескеннен кейін, АҚШ мемлекеттік хатшысы К. Райс былай деді:

- Біздің Еуропалықтарға және өзге елдерге Ирандағы ядролық мәселені шешуде көмектесу жолында және қару-жарақты таратпау шарты бойынша Ресеймен өзара ортақ мақсатымыз бар, - деді К. Райс.

Түс қайта АҚШ мемлекеттік хатшысы бар министр Тони Блэрмен келіссөздер жүргізу үшін Лондонға қарай аттанды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG