Accessibility links

Ирақта бүгін жаңа Ата заң жобасы бойынша бүкілхалықтық референдум өтуде


Ирақ президенті мен бас министрі Талабани мен Жаафари таң ертең дауыс бере отырып, Ирақтың болашағына үміт білдірді. Президент Талабани, Азат Ирақ радиосына, бұл Ата заң ұлттық бірлік пен тұрақтылықты нығайтады деген үміт айтты.

- Менің Ирақ халқына айтарым, Алла қолдап бүгін ирақтықтар өз қахармандығын байқатады, өз еріктерімен өз болшағы үшін дауыс береді. Олар тек қана жаңа конституцияға дауыс беріп қана қоймай, ол заңды іске асыра алады деп сенемін, - деді Ирақ бас министрі Жаафари.

Ирақ полициясы мен әскерлері елдегі 6000-дай сайлау бекетін күзетуде. АҚШ пен одақтас күштер қажет болса көмектесуге дайын. Аса үлкен сақтыққа қарамастан Бағдадтың солтүстік шығыс ауданында жарылған бомбыдан 3 ирақ азаматы мерт болды. Рамади және өзге жерлерде атысулар болды.

Егер дауыс берушілердің 50 пайызы қолдап 18 уалаяттың 3-тен екісі қарсы болмаса, онда Жаңа Ата заң жобасы қабылданатын болады.
XS
SM
MD
LG